2026 жылдың 25 қарашасында Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрес күніне орай «Уважение к женщине – показатель зрелости общества» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Іс-шараға Қостанай құрылыс колледжінің «Сәулет» мамандығы бойынша білім алып жүрген 1-курс студенттері қатысты. Дәріс барысында халықаралық күннің тарихы, сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің әйелдерге білім беру ісін дамытуға, алғашқы қыздар училищелерін ашуға қосқан тарихи үлесі кеңінен сөз болды. Кездесудің арнайы қонағы – полиция капитаны, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі аға инспектор Мұратбек Әсел Жүсіпқызы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша маңызды ақпаратпен бөлісті. Іс-шара аясында «Қазақстанның ұлы әйелдері» атты танымдық викторина ұйымдастырылып, белсенділік танытқан үш жеңімпазға естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу соңында қатысушылар зорлық-зомбылыққа қарсы азаматтық ұстанымдарын білдіріп, «Ақ лента» акциясына қатысты.

25 ноября 2026 года в Областном мемориальном музее Ыбырая Алтынсарина в рамках реализации концепции «Закон и порядок» состоялась тематическая лекция на тему «Уважение к женщине – показатель зрелости общества», приуроченная к Международному дню борьбы за ликвидацию насилия в отношении женщин. Участниками стали студенты 1 курса специальности «Архитектура». В ходе мероприятия рассказали об истории этой даты, а также о вкладе Ыбырая Алтынсарина в развитие женского образования и открытие первых женских училищ. Приглашённый спикер – капитан полиции, старший инспектор по борьбе с семейно-бытовым насилием Мұратбек Әсел Жүсіпқызы — выступила с информацией о профилактике бытового насилия и правовой защите женщин. В рамках мероприятия студенты приняли участие в викторине «Великие женщины Казахстана». По результатам интеллектуального состязания три победителя получили памятные подарки. Завершилось мероприятие акцией «Белая ленточка», в рамках которой участники выразили личную приверженность идеям уважения, безопасности и жизни без насилия.