2026 жыл 20 қарашада   Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында  433 АРХ-1, 434 АРХ-1-курс топтарымен «Ұшқыр ой алаң» жобасы аясында «Тапқыр болсаң,озып көр»-атты –интеллектуалды  әдістемелік  іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты студенттердің  пән бойынша алған білімдерін тиянақтау ,шапшаңдыққа, жылдамдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл-ойын дамыту, білімді,дарынды озық болуға жетелеу, елге ,отанға  деген қызығушылығын  ояту. Интеллектуалды әдістемелік сайыс  6-кезеңнен тұрды.

1-кезең «Капитандар сайысы

2-кезең «Зымыран сұрақтар»

3-кезең «Ойлы болсаң,озып көр»

4-кезең «Тапқыр болсаң,тауып көр»

5-кезең «Кім жүйрік»

6-кезең «Сөз ойла,тез ойла»

«Тапқыр» командасы және «Достар» командасының студенттері өз білімдерін көрсетіп, 1,2-орындарды жеңіп алды . Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Білімнің мініп алып тұлпарына,  қиналмай  шықтық,міне шыңдарына,- дей отырып  біздің келешек жастарымыз  бар нәрсеге тек біліммен, ізгілікпен  ғана  қол  жеткізуге  болатын  түсінді  деп  ойлаймыз.

«Тапқыр» командасы – I орын,

«Достар» командасы – II орын.

«Тапқыр болсаң, озып көр» – атты іс-шараның әдістемелік әзірлемесін әзірлеп, өткізген  қазақ тілі және әдебиет пән оқытушысы

Кушегалина  Айгүл Манапқызы.