Адалдық жеке таңдаудан басталады
7 қазанда Қостанай құрылыс колледжінде «Адалдық – басты қағида» бірыңғай акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған бірыңғай кураторлық сағат өтті. Студенттермен кездесуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Батырхан Евгеньевич Успанов өткізді. Кездесуде адалдықтың әр адамның жеке таңдауынан басталатыны, ал үлкен мақсаттарға әділ шешімдер арқылы жетуге болатыны айтылды. Студенттер өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, заңды құрметтеу және күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелерін талқылады. Кураторлық сағат барысында «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» жобаларының идеялары да қозғалды. Бұл бастамаларды адамның қоғам мен ел алдындағы жеке жауапкершілігі біріктіреді.
Кездесу студенттерге адалдықтың оқуда, қарым-қатынаста және айналадағы адамдарға деген көзқараста жасалатын күнделікті таңдаудан басталатынын еске салды.
Добропорядочность начинается с личного выбора
7 октября 2026г. в Костанайском строительном колледже в рамках единой акции «Адалдық – басты қағида» прошёл единый кураторский час, посвящённый формированию антикоррупционной культуры. Встречу со студентами провёл Успанов Батырхан Евгеньевич, руководитель Управления профилактики коррупции Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы. Участники обсудили, почему добропорядочность начинается с личного выбора, а большие цели — с честных решений. Речь шла об ответственности за свои поступки, уважении к закону и неприятии коррупции в повседневной жизни. В ходе кураторского часа также затронули идеи проектов «Адал азамат», «Таза Қазақстан» и «Заң мен тәртіп». Их объединяет внимание к личной ответственности человека перед обществом и своей страной.
Встреча напомнила студентам: честность проявляется в ежедневных решениях — в учёбе, общении и отношении к окружающим.




