2026 жыл 20 қарашада Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында 433 АРХ-1, 434 АРХ-1-курс топтарымен «Ұшқыр ой алаң» жобасы аясында «Тапқыр болсаң,озып көр»-атты –интеллектуалды әдістемелік іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты студенттердің пән бойынша алған білімдерін тиянақтау ,шапшаңдыққа, жылдамдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл-ойын дамыту, білімді,дарынды озық болуға жетелеу, елге ,отанға деген қызығушылығын ояту. Интеллектуалды әдістемелік сайыс 6-кезеңнен тұрды.
1-кезең «Капитандар сайысы
2-кезең «Зымыран сұрақтар»
3-кезең «Ойлы болсаң,озып көр»
4-кезең «Тапқыр болсаң,тауып көр»
5-кезең «Кім жүйрік»
6-кезең «Сөз ойла,тез ойла»
«Тапқыр» командасы және «Достар» командасының студенттері өз білімдерін көрсетіп, 1,2-орындарды жеңіп алды . Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Білімнің мініп алып тұлпарына, қиналмай шықтық,міне шыңдарына,- дей отырып біздің келешек жастарымыз бар нәрсеге тек біліммен, ізгілікпен ғана қол жеткізуге болатын түсінді деп ойлаймыз.
«Тапқыр» командасы – I орын,
«Достар» командасы – II орын.
«Тапқыр болсаң, озып көр» – атты іс-шараның әдістемелік әзірлемесін әзірлеп, өткізген қазақ тілі және әдебиет пән оқытушысы
Кушегалина Айгүл Манапқызы.






