Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында – біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз керек деген болатын. Осыған орай, үстіміздегі жылдың 8 қарашасында колледжіміздің кітапханасында 5 ҒҚСП-1 курс студенттерінің қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында ұлттық құндылықтарды жаңғырту, өлкемізде адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармаларын оқуды насихаттау, олардың еңбек, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында Абылай Фазылханұлы Мауданов және Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов жергілікті ақындарымызбен кездесу кеші өтті.
Кеш барысында қонақтарымыз өздерінің бастан өткен қызық оқиғаларын, ақындық жолдарын қалай бастағанын айта отырды және де өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды. Студенттер қызығушылық танытып, әңгімелерін тыңдады. Ақындар өз өнерлерін ортаға салды – домбырамен ән салды, сұрақтар қойылды.
5ҒҚСП студенті Билет Иманжан осы кештен үлкен әсер алып, ағаларын мақтан тұтып, менде ақын болсам деген арманы мен шабыты оянып, келесі өлең шумақтарын жазды.

Ағаларым
Келіп қапты көптен күткен қонақтарың,
Марғұлан мен Абылай атты ағаларың.
Төрге шығып, сыр сұхбатты бастап кетті,
Жырлары мен,тақпақтарын ала кепті.
Марғұлан ағам домбырасын бір тартып-ақ,
Балалардың көңілінен шыға кетті.
Оқи бастап Абылай ағам тақпақтарын,
Құлақ сала тыңдап отыр жолдастарым.
Сол сұхбатта көп тәрбие алған біздер,
Қоштасарда сыйлы қонақ, даналармен,
Алғыс айттық ағаларға барша топпен.

Авторы(5ҒҚСП-1 тобының студенті Билет Иманжан)