2018 жылғы 22 ақпанда Қостанай құрылыс колледжі қабырғаларында құқықтық апта аясында «Заң және заман» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Құқықтық тәрбие сағатының мақсаты, студенттердің құқықтық білімдерін арттырып, өмірде пайдалануды үйрету еді.
Тәрбие сағаты Қашықтықты білім беру бөлімінің 3 ҒҚСП-2 тобының студенттері арасында, мемлекеттік тілде қоғамдық пәндер оқытушысы Каршигина Д.А. ұйымдастыруымен өткізілді. Ойын шарты бойынша 3 топ құрылды. 1 топ «Әкімшілік құқық», 2 топ «Қылмыстық құқық», 3 топ « Неке және отбасы құқығы» тобы.
Тәрбие сағатының қазылар алқасы: колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Интербаева Г.С., әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Муканова К.Б. және колледж психологі Киньзябулатова Н.Б.
Бұл іс-шара барысында студенттер өз құқықтық білімдерін алға салып, викториналық ойын сынақтарыннан сүрінбей өтті. Викториналық ойын 4 кезеңнен тұратын. 1 кезең: сұрақ-жауап, 2 кезең: ертегілер әлеміне саяхат, 3 кезең:құқықтық жағдайлардан дұрыс шешім тауып шығу, 4 кезең: үй тапсырмасы, Қазақстан Республикасының Кодекстерімен танысу, баптарын талқылау.
Ал, тәрбие сағаты соңынжа, құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында, бейне-ролик көрсетілді.
Тәрбие сағаты нәтижесінде «Қылмыстық құқық» тобының жеңуін айтқан әділ-қазылар алқасы, тәрбие сағаты өз мақсатына жеткендігін хабарлады.