2017жылы  29 қазанда Көкшетау қаласында облыстық Ақмола лигасының маусымашар ойыны өтті. Бұл ойында Астана, Павлодар, Арқалық, Петропавл және Қостанай қалаларының таңдаулы, ең мықты деген командалары келіп, Маусымашар ойынының арнайы 3 кубогы мен Көкшетау КВН филиалының арнайы жүлдесін өз қоржындарына салуға асықты. Көкшетаудың көрермендері барлық командаларды жылы қарсы алды. Осындай қөшеметке ие болғаннан кейін есте қалмау қиын болғандықтан біз (Жаңа ғасыр Қостанай ) 1 орынды иеленіп қайттық. Жеңімпаз команданың  құрамында Қостанай Құрылыс Колледжінің  2  ҒҚСП -3 тобының студенттері Орынбаев Ғалымжан және Смағулов Қуандық өнер көрсетті.