21 қыркүйек күні Л. Н. Толстой атындагы кітапханада  ақпараттық әдеби бөлімінің  ұйымдастыруымен ақын, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының  145 жылдығына орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты ғалымның өмірі мен шығармашылығын көпшілікке насихаттау мақсатымен дөңгелек үстел өткізілді.

Ахмет Байтурсынұлы – ақын, жазушы, аудармашы, бас әріппен жазылған Ұстаз, халық ұстазы.

Дөңгелек үстелге қатысқан: жазушылар одағының мүшесі, ақын – Ақылбек Шаяхмет, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, Қазақстан Ассамблеясының мүшесі – Қалқаман Жақып, «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының редакторы – Қабылахат Сейдахмет, филология ғылымдарының докторы, доцент – Алмасбек Абсадықов.

«Рухани-жаңғыру» бағдарламасын жүзге асыруына орай өткізілген бұл іс-шараға қатысқан Қостанай құрылыс колледжінің   «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығының  1,2 курс студентері.

Бұл іс-шаранын  сәні домбыраның үнімен,  ақының өмірбаяны  жайлы бейнеролик болды. Бұндай ауқымды іс-шаралар жас-буының тәрбиесіне он жақты әсерін беретіні сөзсіз.