6 қараша күні Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында Қожа Ахмет Ясауидің рухани және мәдени мұрасына арналған «Ясауи мұрасы — халықтың рухани қазынасы» атты театрландырылған қойылым өтті.

Қойылым барысында студенттер ұлы ойшылдың мұрасында көрініс тапқан мәңгілік құндылықтарға — мейірімділікке, адалдыққа, бірлікке, адамға құрметпен қарауға және білімге ұмтылуға ерекше назар аударды.

Өткен мен бүгінді байланыстыратын көркем қойылым арқылы қатысушылар Ясауи даналығының бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын көрсетті. Сонымен қатар жас ұрпаққа ұлттық дәстүрлерді, рухани құндылықтарды және тарихи мұраны сақтаудың маңыздылығын жеткізді.

 

6 ноября в библиотеке Костанайского строительного колледжа состоялась театрализованная постановка «Наследие Яссауи — духовное сокровище народа», посвящённая духовному и культурному наследию Ходжи Ахмеда Яссауи.

В ходе постановки студенты обратились к вечным ценностям, отражённым в наследии великого мыслителя: милосердию, честности, единству, уважению к людям и стремлению к знаниям.

Через художественный диалог прошлого и настоящего участники показали, что мудрость Яссауи не теряет своей актуальности и сегодня, напоминая молодому поколению о важности сохранения национальных традиций, духовных ценностей и исторической памяти.