1 сентября в общежитии Костанайского строительного колледжа прошёл тренинг на сплочение для студентов 1 курса!

Первый день в колледже — это новые знакомства, эмоции и первые шаги в студенческой жизни. Чтобы помочь ребятам быстрее познакомиться, почувствовать себя частью единой команды и создать дружескую атмосферу, для первокурсников, проживающих в общежитии, был организован тренинг на сплочение.

Участники выполняли интересные задания, работали в командах, общались и заряжались позитивными эмоциями.

Пусть студенческие годы будут наполнены яркими событиями, верными друзьями и незабываемыми моментами! Желаем нашим первокурсникам успешного начала нового этапа!

1 қыркүйек күні Қостанай құрылыс колледжінің жатақханасында 1-курс студенттеріне арналған топтық ынтымақтастықты арттыру тренингі өтті!

Колледждегі алғашқы күн — жаңа таныстықтар, ерекше әсерлер мен студенттік өмірге алғашқы қадамдар. Жатақханада тұратын бірінші курс студенттерінің бір-бірімен тезірек танысып, өздерін біртұтас команда ретінде сезінуі және достық қарым-қатынас орнатуы мақсатында арнайы тренинг ұйымдастырылды.

Студенттер қызықты тапсырмаларды орындап, топпен жұмыс жасап, бір-бірімен жақынырақ танысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын сәттермен бөлісті.

Студенттік жылдарыңыз жарқын оқиғаларға, жақсы достарға және ұмытылмас сәттерге толы болсын! Барша бірінші курс студенттеріне жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!