ee




2026 жылдың 17 наурызында колледждің кітапханасында «Шаңырақ күніне» байланысты Наурыз ұлттық мерекеге арналған іс-шаралар, соңдай-ақ «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру аясында «Біз бір шаңырақ астындамыз» – атты әдеби музыкалық іс-шара өтті. «Шаңырақ күні» – Қазақ мәдениетінде отбасы әрқашан күш пен рухани мұра көзі болған. Отбасының адам өміріндегі маңыздылығы, жинақталған білімді жеткізудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі бай, қазақ фольклорында, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында сақталған. Іс-шараны өткізуге кітапхана меңгерушісі Вельгоша Галина Валентиновна, және оқытушы Кушегалина Айгүл Манапқызы ат салысты. Мерекелік көңіл-күйді көтеру үшін студенттерге мерекелік дастарханнан тәттілер ұсынылды. Іс-шараға қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіріп, отбасы дәстүрлерінің негізін, қоғамның тірегі және ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын екенін тағы да еске салғымыз келеді. Отбасылық дәстүрлерді сақтау арқылы біз өткенді құрметтеп қана қоймай, сонымен қатар сенімді болашақ құрамыз.

