Жалпы білім беретін мұғалімі Сейдағали М.Е. «Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханұлына 160 жыл» тәрбие іс-шарасы  12 наурызда 2026 жылы 12 ҒҚСП-4 тобына өткізді.  Іс-шараның  мақсаты – студенттерге Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін таныстыру және Алаш қозғалысының тарихи маңызын түсіндіру. Студенттер тарихи-квест тапсырмаларын орындай отырып  Алаш қайраткерлерін танып,  Әлихан Бөкейханның өмірбаянына егжей тоқталды.

Сабақ соңында студенттер menti.com платформасы арқылы рефлексия жасап, өз ойларын білдірді. Жалпы сабақ белсенді әрі қызықты өтті, студенттер тарихи тақырыпты талқылап, топпен жұмыс жасап, жаңа білім алды.