Қостанай құрылыс колледжінің студенті Айтқұлов Нұрбек, № 14 БКЕ-3 тобының студенті жастар арасында өткен “Егер мен қала әкімі болсам”тақырыбында қалалық эссе байқауына қатысты.

Сайыс Қостанай қаласында 19 қаңтар мен 03 ақпан  ай аралығында өтті.

Нұрбек өзінің ойын, қиялын қаланың дамуы туралы өз көзқарасын ұсынды, абаттандыру, әлеуметтік саясат және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін қозғады. Өзінің ойлау логикасымен, ұсынылған идеяларының өзектілігімен және азаматтық ұстанымымен ерекшеленді.

Байқау қорытындысы бойынша Қостанай құрылыс колледжінің студенті Айтқұлов Нұрбек III орынға ие болып, ол ойлаудың жоғары деңгейін, белсенді өмірлік ұстанымын және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне қызығушылығын көрсетті.

Колледж әкімшілігі байқау жүлдегерін құттықтап, Нұрбекке ұстазы Кушегалина Айгүл Манапқызына шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!