2026 жылдың 05 ақпанында Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында  Әдібай Табылдыұлы Табылдиевтің 100-жылдық мерей тойына арналған «Жыр өмір » атты әдеби  кеш өтті.

Іс- шараның  мақсаты: жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулу,ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыру және сөз өнерінің тәрбиелік маңызын насихаттау. Осы тұрғыдан алғанда, «Жыр өмір» әдеби-танымдық кеш өткенді ұлықтаумен қатар,келер ұрпаққа бағыт-бағдар берген тағылымды рухани ретінде есте сақтау. Әдібай Табылдиевтің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы ой бөлісіп, ғалым-ұстаздың адамгершілік болмысы, қарапайым да талапшыл мінезі, ұлт болашағына деген шынайы жанашырлығы жөніндегі жүрек жарды естіліктерімен танысу.

Іс-шараға  14 БҚЕ-3 топ «Техникалық»  бөлімінің үшінші курс студенттері қатысып, өлең оқыды. Олар: Булатқызы Алтынай және Уразгельдин Ақсұлтан. Әдібай Табылдыұлының туғанына 100 жыл толуын атап өте отырып, біз студенттерге арналған еңбегі бар көрнекті мұғалім, тәрбиеші және жазушының рухына құрмет  көрсетп қана қоймай, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын, білімнің құндылығын және ғылым мен білім беру дәстүрлеріне құрмет көрсетуді растаймыз.

Әдібай Табылдыұлының еңбегі біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің бір бөлігі болып мәңгілікке  жүрегімізде сақталады.

Іс-шараны өткізуге жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Кушегалина А. М.