Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында  Қостанай құрылыс колледжінде 2025 жылдың 12 желтоқсанында 14 БҚЕ-3 тобымен, топ жетекшісі Кушегалина Айгүл Манапқызымен «Тәуелсіздік-халықтың ерлік жолы»тақырыбында ауызша журнал түрінде кураторлық сағат өтті.
Іс-шараның басты мақсаты: Болашақ ұрпақтың бойына рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту,тәуелсіздік алу тарихымен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
 Студенттерге өз пікірлерімен бөлісу ұсынылды.Сондай-ақ,студенттер «Желтоқсан қарлығаштарына» арналған өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды.
Ауызша журнал түрінде өткізілген кураторлық сағаттың соңында кітапханашылардың көмегімен ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан»-атты кітап көрмесімен танысты.