Жеңіспен құттықтаймыз!

 

Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Наталья Смолева жыл сайынғы “Үздік педагог – 2025” байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанды!

Бұл байқау педагог мамандығының беделін арттыруға, озық тәжірибемен алмасуға және оқытудағы инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған. Өңірлік комиссия конкурстық материалдар мен Наталья Васильевна жұмысының нәтижелілігін жоғары бағалады.

Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша оған “Үздік педагог” құрметті атағы берілді, 300 АЕК мөлшерінде марапаттау куәлігі мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Наталья Васильевнаға одан әрі табыс, шабыт және жаңа кәсіби шыңдар тілейміз! Бұл маңызды жетістік-жоғары деңгейдегі шеберлік пен адалдықты мойындау. Мұндай конкурстарға қатысу мамандықтың маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби өсуге ықпал етеді.