Мені мейірімді және жанашыр адам етіп тәрбиелегені, басқаларды құрметтеуге, адал және жауапты болуға үйреткені үшін ата-анама ризамын. Ал менің сіңілім-біздің өміріміздегі нағыз күн. Мен оған үлгі болғанды және оның өсіп келе жатқанын көргенді ұнатамын.

Біздің отбасымызда құрмет, адалдық, қамқорлық пен қолдау маңызды. Әр кеш сайын біз бірге кешкі ас ішеміз, жаңалықтармен бөлісеміз, өткен күн туралы сөйлесеміз. Мереке күндері біз бүкіл отбасымызбен жиналып, туыстарымызбен байланысын үзбеуге тырысамыз. Кейде біз серуендеуге немесе киноға барамыз-тек бірге болу біз үшін бақыт.

Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және ішіміздегі жылы қарым-қатынасты мақтан тұтамын.

Салтанат Ж., 12 ҒҚСП-3 тобының студенті