2025 жылдың 24 сәуірінде арнайы пәндер оқытушысы Конарбаева Бактыгул Кыстауовна Әулиекөл ауданында, Аманқарағай және Қостомар ауылдарында үгіт насихаттау жұмысы бойынша 9 сынып оқушыларымен кездесіп келді. Кездесу барысында оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді, мамандықтар жайлы толық ақпарат берілді. Қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы айтып, болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап берді. Мұндай іс-шаралар жастарға кәсіби жолды саналы түрде таңдауға көмектесу арқылы оқу орындары мен оқушылар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.