12ҒҚСП-3 тобында куратор Ерденова Л.Н. Абай Құнанбаевтың еңбектің маңыздылығы мен еріншектіктің зияндылығы туралы сөзіне арналған «Адам жалқаулықтан ауырады, еңбектен сау болады» атты кураторлық сағатын студенттерде еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге және еңбекке деген оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Еңбектің құндылығы мен оның адам өміріне тигізетін ықпалы туралы ой қозғау үшін Абайдың ұйытқысы ретінде қолданылады. Бұл сөздің еңбек пен кәсіпқойлыққа арналған айлық аясындағы апталық дәйексөз болуы да осыны аңғартады.
«Адам жалқаулықтан ауырады, еңбектен сау болады» атты кураторлық сағатта Ерденова Л.Н студенттерге еңбек және жалқаулықпен күресу тақырыбын терең түсінуге бағытталған түрлі тапсырмалар ұсынды. Тапсырмаларға мысалдар келтірейік: Дәйексөзді талқылау: Оқушылар Абайдың қара сөзінің мағынасы туралы өз ойларын ортаға салып, оның өміріне қаншалықты қатысы барын талқылады. Қорытындылай келе, оқушылар еңбекпен байланысты түрлі мамандықтардағы жетістік мысалдарымен шағын әңгімелер дайындап, өз ойларымен бөлісті.