11 науырзда 2025 жылы колледж кітапханасында тілдерді дамыту пән апталығы аясында қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты ашық сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты студенттерді Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру, отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақының жырларынан үлгі алу, студенттің сөйлеу мәдениетін дамыту.
Жастардың жанында,өзіміз әдебиеттен оқып,танысқан толғаныстан туған бұл кеш өмірлік өнегесінен бастап,өшпес өлеңдерінің бүге-шүгесіне дейін танысыуымызға тың жол ашады деп ойлаймын.
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып көкте қалықтайды.Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып,қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Ашық әдеби сазды іс-шараны өткізуге белсенді түрде атсалысқан 405 топ «Сәулет» бөлімінің студенттерін айтпасқа болмайды.
Іс-шараны жүргізушілері: Қуанышбай Томирис пен Байсарина Ясмина М. Мақатаевтың өмірі, жүріп өткен жолы, лирикалық поэзиялары, шығармаларымен таныстырды.
Іс-шара ақынның өзі оқыған өлеңдері мен әртүрлі видео, презентацияларымен және де кітап көрмесімен сабақтаста болды.
Ашық іс-шараным басында қазақ тілі мен әдебиет пән оқытушысы Кушегалина Айгүл Манапқызы студенттерге: Қазақтың қара өлеңін кие тұткан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев туралы айтып берді.
Іс-шара барасында мынадай өлеңдер оқылды: «Күрсінбеші» (Васильева Анастасия); «Аққулар, қош болыңдар» (Борисова Анастасия); «Анашым» (Коротких Екатерина); «Шыда, шыда» (Осипова Маргарита); «Үш бақытым» ( Коркина Алёна, Юрченко Юлиана); «Арулар» (Жанбуршин Баязит).
Кітапхана меңгерушісі Вельгоша Г.В. студенттерді кітап көрмесімен таныстырып, оларға М. Мақатаев жайында көптеген әртүрлі мағлұмат берді.
Студенттер сиқырлы поэзия әлемінде, Мұқағали әлемінде жүзді деп сенемін. Іс-шара барысында оқытушы ақынның өмірі жайлы көптеген мәлімет берді. Студенттерге іс-шара өте ұнады деп білеміз.
Мұқағали Мақатаевтың Қазақстанның ұлттық мәдениетіне қосқан үлесін бағалау қиын. Оқырмандар оның бір қарағанда қарапайым көрінгенмен, терең философиялық, өмірге, рух куатына толы өлеңдеріне ғашық болды. Олар қазақ мұрасының қазынасында, жас ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.