Ақпан айының 7 күні 10 ҒҚЖЖҚП-4 тобында «Жақсы мінез – сарқылмас байлық» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Бұл шара студенттердің мінез-құлқы мен қарым-қатынас мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды. Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты – студенттерді жақсы мінез-құлықтың маңыздылығын түсінуге шақыру және оларды бір-біріне құрмет пен жауапкершілік көрсетуге баулу. Топ кураторы «Жақсы мінез – сарқылмас байлық» деген ұғымды талқылау арқылы студенттерге бұл қасиеттің адам өміріндегі рөлін түсіндірді. Жақсы мінез – сарқылмас байлық» деген ұғым студенттерге өмірде аса маңызды құндылықтарды, яғни мейірімділік, сыйластық, адалдық және жауапкершілік сияқты қасиеттерді игеруге көмектесті. Әр студент өз мінез-құлқын қалыптастырып, оны жақсы жаққа өзгертуге ұмтылып, өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысын нығайтты.