2024 жылдың 1 қарашасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында № 14 БҚЕ 2 курс студенттері мен куратор Кушегалина А.М. және кітапханашы Вельгоша Г.В. Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы дайындаған шараға қатысты.
«Ыбырай әлеміне саяхат» атты әдеби кейс көрнекті жерлесіміз, қазақтың ағартушы-педагог, жазушы, қоғамтанушы және этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 183 жыл толуына арналды.
Ыбырай Алтынсарин ұлы ұстаз, қазақ жазуы мен әдебиетінің негізін салушы – қазақ халқының барлық рухани байлығы. Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінің кітапханашысы Латыпова Бибігүл Қазыбайқызы Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен шығармашылық қызметі туралы қызықты деректермен таныстырып, қонақтардың назарын ағартушының еңбектері мен оның ағартушылық қызметіне арналған кітап көрмесіне назарларын аударды.
«Ыбырай Алтынсариннің естелік орындары бойынша» бейне-презентациясы, Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.
Бибігүл Қазыбайқызы іс-шараны қорытындылай келе Ыбырай Алтынсариннің оқушыларына айтқан сөздерімен аяқтады: «Әрқайсымыздың міндетіміз – Отанымыздың пайдасы үшін еңбек етіп, еліміз үшін өз үлесімізді қосу».