«Менің үйім, менің тағдырым, менің Қазақстаным!»
«Южный» кітапхана-филиалында Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттеріне Қазақстан Республикасы күніне арналған «Менің үйім, менің тағдырым, менің Қазақстаным!» тарихи панорамалық іс-шара өтті. Іс-шара барысында кітапханашы студенттерді мереке тарихымен таныстырды. Ісшараға шақырылған қонақ – ҚР Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының экстремистік идеологияға қарсы ісқимыл жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі Тұйғанов Мырзабек Сардарбекұлы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері, сол кездегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы негізгі міндеттер туралы айтып берді. Іс-шара сәні ретінде педагогикалық колледжінің музыка кафедрасының оқытушысы Бақтығалиев Айдынғали Қадырұлының басқаруымен Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері Мұратқалиев Абат, Мырзабеков Мәди және Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның аспапшы-әртісі Нұрмағамбетова Қарлығаш Зинельмусанепқызы «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерін орындады. Студенттер қонақпен әңгімелесуге белсене қатысты, Қазақстан тарихы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды. Іс-шара соңында «Мемлекеттіліктің қалыптасуы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
«Мой дом, моя судьба, мой Казахстан!»
В библиотеке-филиале «Южный» для студентов 1 курса Костанайского строительного колледжа было проведено мероприятие – историческая панорама «Мой дом, моя судьба, мой Казахстан!», посвященная Дню Республики Казахстан. В ходе мероприятия библиотекарь ознакомила студентов с историей праздника. Приглашенный гость мероприятия – начальник Центра подготовки специалистов Уголовно-исполнительной системы (УИС) по противодействию экстремистской идеологии Костанайской академии Министерства внутренних дел РК имени Шракбека Кабылбаева, подполковник полиции Туйганов Мырзабек Сардарбекович рассказал об этапах становления и развития независимого Казахстана, основных задачах в экономической, социальной и культурной сферах того времени. Украшением мероприятия стало выступление студентов Костанайского педагогического колледжа Мураткалиева Абата, Мырзабекова Мади под руководством преподавателя кафедры музыки педагогического колледжа Бактыгалиева Айдынгали Кадыровича, и артиста инструменталиста Костанайской областной филармонии им. Е. Умурзакова Нурмагамбетовой Карлыгаш Зинельмусанеповны, которые исполнили кюи «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын». Студенты приняли активное участие в беседе с гостем, задавали вопросы по истории Казахстана, об особенностях становления