23 қазанда “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру аясында 12 ҒКСП – 3 тобының студенттері арнайы пәндер оқытушысы Б.К. Конарбаевамен бірге РМК “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” (Тобыл қ.) ұйымына барды. Орталық мамандары студенттерге экскурсия өткізді, материалдарды сынау процесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ зертханаларда жол төсемдерін талдау үшін қолданылатын жабдықтарды көрсетті. Сапар барысында студенттер жолдар мен құрылыс материалдарының сапасын бақылау үшін қолданылатын заманауи технологиялар мен әдістермен таныса алды.
Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби дамуына үлес қосқады және олардың құрылыс және жол шаруашылығы саласындағы білімдерін тереңдетеді. Сондай-ақ, жұмыстың ерекшелігін жақсы түсінуге және теориялық білімнің практикада нақты қолданылуын көруге мүмкіндік береді де, студенттердің әрі қарай кәсіби қалыптасуына көмектеседі.