11- қазан 2024ж  Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында Сәкен Сейфуллиннің  130 жылдығына арналған “Тар жол,тайғақ кешу”-атты 14 БҚЕ-2 тобында,топ жетекшісі Кушегалина Айгүл Манапқызымен кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағаттың мақсаты;Сәкен Сейфуллиннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Сәкеннің заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасты анықтау. Туған жеріне деген сүйіспеншілік,отансүйгіштікке тәрбиелеу,өз елінің тарихын,мәдениетін құрметтеуге баулу.

Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды. Студенттер кітап көрмесіне  және  Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына қызығушылық танытты. Ерекше қызығушылық тудырған бейнеролик Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол,тайғақ кешу” романы болды.Мұхтар Әуезов Сәкеннің тұлғасы мен шығармашылығы туралы былай деген “Сәкеннің шыншылдығы жүрек пен сананы оятып, қанаттандырады”. Сәкен Сейфуллиннің жолы-нағыз жалынды ақынның жолы.