12 қазан 2023 жылы колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында қазақ әдебиетінің негзін қалаушы, қазақтың белгілі ақын, жазушысы Абай Құнанбаевқа арналған «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» атты әдебиет аукцион сайыс сабағы өтті.
Оған 14 топ БҚЕ – бөлімінің студенттері қатысты. Бұл іс-шараны өткізген кітапхана меңгерушісі Вельгоша Г.В. мен қазақ тілі және әдебиет пән оқытушысы Кушегалина А.М.
Сайыс 3-тур бойынша өткізілді: 1- тур – «Қызықты алаң»; 2- тур – «Бәйге»; 3- тур- «Құпиялы хат».
Іс-шараның мақсаты студенттерді: Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір қасиетін ұғындыру, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Абай Құнанбаев туралы Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ газетінде» басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрын-сонды заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай қазақ поэзиясының өсуін, гүденіп, жаңа салаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы.
Биыл Абайдың сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік туралы ұлағатты Қара сөздеріне 125 жыл толып отыр. Рухани өсу мен кемелділікке ұмтылу Абайдың Қара сөздеріндегі негізгі философия.
Іс-шара барысында студенттер өздерінің білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді, және де Абай Құнанбаевтың өлендерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. Мәнерлеп өлең оқу кезінде көзге түскен студенттер: Мурадаев Мерей, Амантай Шыңғысхан, Әбдіразаков Нұрсаят, Айтқұлов Нұрбек, Хамит Ансар.
Іс-шара барысында; 3-тур бойынша алға озып шыққан студенттер тәтті сыйлықтармен марапатталды.
1 орын – Мурадаев Мерей;
2 орын – Айтқұлов Нұрбек;
3 орын – Темиртас Алиби.
Студенттерге өткізілген іс-шара өте ұнады. Іс—шара әртүрлі түстегі презентациямен және ақынның сөзіне, әніне жазылған Абайдың өлеңі «Көзімнің қарасы» – атты әнімен аяқталды.