Омбы су көлігі институтымен (филиал) «Сібір мемлекеттік су көлігі университетіне» халықаралық ынтымақтастық аясында Қостанай құрылыс колледжінің студенттері «Цифрлық логистика-цифрлық экономика тренді»халықаралық хакатонына қатысты.

Хакатон үш номинация бойынша онлайн форматта өткізілді. Оған Ресей мен Қазақстан Республикасының оқу орындарынан келген студенттер мен оқушылардың 54 командасы қатысты.

III Халықаралық хакатонының «Цифрлық логистика – цифрлық экономика тренді» нәтижелері бойынша «Қазіргі әлемдегі логистиканың рөлі мен маңызы» тақырыбы бойынша бейнеролик номинациясында студенттер құрамындағы Ибрашев Ануар, Исркепов Қуат, Ахметов Амир, Ким Денис II орынды иеленді. «Фотосуреттердегі логистика» номинациясы бойынша III орынды  Ахметжанова Камила жеңіп алды.

Ғылыми жетекшілер Д.Г.Сейчанова,  М.И. Мамедоваға команданы дайындағаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Құттықтаймыз!