21 қараша мен 25 қараша аралығында Қостанай құрылыс колледжінде өндірістік оқыту шеберлерінің пәндік-циклдік комиссиясының апталығы өтті.

Өткізу бойынша іс-шаралардың келесі нысандары жарияланды: кәсіби шеберлік байқаулары, ашық сабақтар, шеберлік сыныптары. Әрбір іс-шараның мақсаты, құрылымы нақты айқындалып, педагогикалық технологияларды, оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, жан-жақты алдын ала дайындықпен өтті.

Пән апталығына тас қалаушылар, әрлеушілер, автокраншылар, газ-электр дәнекерлеушілер, гипсокартоншылар және құрылыс ағаш ұсталары қатысты.

Шеберлер А. В. Сошкин, П.С. Лещенко “World skills” стандарттары бойынша “Құрғақ әдіс және сылақ жұмыстары” құзыреттілігі бойынша кәсіби конкурс өткізді; Д. Ш. Кожахметов, А. Е. Абедчанов, болашақ автокраншылар арасындағы конкурс. Конкурстар білікті мамандарды даярлау сапасын, білім алушылардың таңдаған мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Осы аптаның маңызды кезеңі сыныптан тыс жұмыстар болды. “Дәнекерлеу технологиялары” шеберлік сабағын өндірістік оқыту шеберлері Куликов К. И., Куздибаев О. У, колледждің дәнекерлеу шеберханасының базасында өткізді. Шеберлер А. А. Байтенова, Е. В. Ильченко “Қабырғаларды сәндік сылау” шеберлік сыныбын, тас қалаушыларға арналған іс-шараны өндірістік оқыту шебері А. Х. Бейсекеев өткізді, “ағаштан ою” шеберлік сыныбын А. А. Семерюк өткізді.

Ашық сабақтарды шеберлер Т.Б.Құсайынов, Б.А.Құсайынов өткізді. Интеграцияланған сабақты жас шебер Ахетов Х. Н. өзінің тәлімгері  Е.С.Пенкинмен бірге өткізді.

Өткізілген іс-шаралар пәндік-циклдік комиссия шеберлерінің кәсіби шеберліктерін, олардың жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға дайындығын, оқытудың әртүрлі әдістері мен формаларын қолдану арқылы студенттердің танымдық қызығушылығын растады.