Цифрлық сауаттылық мектебі шеңберінде 2022 жылғы 11 қарашада Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде тесттер құру және әзірлеу бойынша арнайы пәндер оқытушыларына арналған практикалық семинар өтті, оны директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Е. Б. Мұхамедрахимов өткізді.
Семинар барысында педагогтар платформада курс құруды, техникалық талаптарға сәйкес тест сұрақтарын әзірлеуді және оларды жүйеге импорттауды үйренді.