9 қыркүйекте Қостанай құрылыс колледжінде Жас педагог мектебінің алғашқы отырысы өтті. Қызметінің негізгі мақсаттары:

– педагогикалық қызметте көмек көрсету (оқу сабақтарын дайындау және өткізу, оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік материалдарды және сабақтан тыс іс-шараларды әзірлеу және т. б.);

– оқытушылардың бейімделуі;

– кәсіби қиындықтардың диагностикасы және мониторингі;

– шығармашылық әлеуетті іске асыру және жұмылдыру үшін жағдай жасау.

 Жас педагог мектебінің жетекшісі – Шаханова М.О. педагогтарға қошемет көрсетіп, осы оқу жылында жас педагог мектебінің жұмысы шеңберінде іске асырылуы қажет мақсаттар мен міндеттер туралы айтып берді. Отырыста әдістемелік сүйемелдеудегі және жас педагогтардың қалыптасуындағы тәлімгерліктің рөлі туралы мәселе қозғалды, бұл бейімделу процесіндегі маңызды сәт болып табылады.

Арнайы пәндер оқытушысы Смолева Н.В. «Сабақ жоспарын құру және әзірлеу. Қазіргі сабақ. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар».