PromHouse жобасының шеңберінде Еуропалық Одақтың қолдауымен Қазақстан мен
Өзбекстаннан келген тұрғын үй шаруашылығы мамандары, техникалық және кәсіптік
оқыту оқытушылары мен шеберлері үшін ұйымдастырылған "Жылжымайтын мүлікті
басқарушылар үшін кәсіби дайындық және біліктілік – Германия тәжірибесі" білім беру
сапары өтті.
Бұл сапарға Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Смолева
Н.В.қатысты.. Білім беру сапарының мақсаты жылжымайтын мүлікті басқару және қызмет
көрсету кезінде жеке секторды жүргізу және қолдау қағидаттарын оқыту, "Жылжымайтын
мүлікті басқару" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру саласын
дамыту, сондай-ақ "Құрылыс және коммуналдық шаруашылық" мамандығы бойынша
оқыту сапасын арттыру мүмкіндігі болып табылады.
Білім беру ұйымы үшін педагогтердің халықаралық тағылымдамасы фирмаішілік
біліктілікті арттыру болып табылады, ал педагогтерге өздерінің теориялық білімдерінің
және олардың практикалық қолданылуының сапалық жағынан өзгеше деңгейін көруге
мүмкіндік береді.