Мұғалімдер күні қарсаңында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық
орталығының ұжымы өз елінің тағдырына жауапты, егемен Қазақстанның патриоттарын
тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан тамаша педагогтар туралы мақалалар жинағын жариялады.
Бұл материал педагог кәсібінің мәртебесін, оның қоғамдағы рөлін арттыруға ықпал етеді.
Мақалалардың авторлары шығармашылық, қамқор, жауапты адамдар: мұғалімдер, оқу
орындарының басшылары, ата-аналар болды. Бұл жинаққа біздің оқытушылардың өз
әріптестері туралы пікірлері де енген.