2022 жылы қазақтың аса ірі жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР ҒА академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толады.
Мерейтой аясында Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасы «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің мақтанышы» атты кітап көрмесін дайындады. Бұл көрменің мақсаты студенттер мен оқытушыларды ұлы қазақ жазушысының өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру болып табылады.
Кітап көрмесі келесі материалдармен ұсынылған: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалық, көркем әдебиет және ол туралы әдебиет.
«Абай жолы» роман – эпопеясы оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырады. Бұл туынды ХХ ғасырдың ең үздік романдарының бірі ретінде дүние жүзіне танылып, Еуропа мен Азия халықтарының ондаған тілдеріне аударылған. Оны қазақ халқының энциклопедиясы деп атайды.
Мұхтар Әуезов қазіргі және келешек ұрпақ үшін кім? Бұл Қазақстанның ең лайықты ұлдарының бірі, өз халқының даналығын, дәстүрлері мен шығармашылығын сіңіріп, қайта түсінген ойшыл.
Көрмеге қойылған кітап көрмесі оқу жылының соңына дейін оқырмандар назарына ұсынылады.