Қостанай құрылыс колледжінде 02 қараша күні «Ұлылардың ұлысы – Абай »атты әдеби-сазды кеш іс шарасы өткізілді. Бұл іс шараның мақсаты – ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,өлеңдерімен қара сөздерін мәнерлеп айтқызу.Ғұлама Абай мұрасын,нақыл сөздерін,философиялық ой толғауларын насихаттау.Бұл іс – шара басқа ұлт өкілдері мен мемлекеттік тілді игеретін студенттер  арасында өтті.Әр мамандық топтарының студенттері қатысып белсенді атсалысты.Бұл іс шарада Абай атамыздың үш тілде өлеңдері,қара сөздері оқылып,әндері тыңдалды.

Соңында студенттерге сертификаттар табыс етілді.Абай атамызға арналған іс шара колледжімізде жылдан жылға дәстүрге айналып келе жатыр.