Облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаевтың қатысуымен 2018 жылдың 24 қазаны күні Қостанай қаласында «Тілі бірдің – тілегі бір» атты республикалық жастар форумы өтті, бұл іс шараға Қостанай құрылыс колледжінің студенттері де атсалысты,атап айтсақ 5 ҒҚСП тобының студенттері Тоқтар Жаннәт,Нұрғалиев Бағдат,Фазылов Саламат,343АРХ тобының студенттері Аманжулова Айдана,Асмадьярова Қымбат.Бұл форумға республиканың әр өңірінен келген белсенді өзге ұлт өкілдері мен жастары ,Қостанай облысының жастары,студенттері, білім ошақтарының қызметкерлері қатысты.Форумның тақырыбы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп айтқан жариялауын ыстық ықыласпен қабылдап, дамытуға бағытталған бастамаларын қолдауға шақырды.

Келген қонақтарды төрт алаңдарға бөліп әр тақырыпта жұмыс жүргізілді.

Біздің колледждің студенттері биылғы жылы жаңадан ашылған «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатында болды.Осыдан кейін «Мирас» мәдениет сарайында пленарлық жиналыс өтті. Облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаев

құттықтау сөзімен бастап,басқа да жұмыстар тыңдалды.Форумның соңында ән,спектакль қойылымы болды.

Біздің колледждің студенттері сертификаттармен марапатталып,өздеріне ерекше әсер алып келді.