21 қыркүйекте Қостанай құрылыс колледжінде Тілдер мерекесіне байланысты «Тіл – халықтың жаны» атты іс шара, 1 курс студенттер арасында ауызша журнал ретінде өткізілді. Бұл іс шараға әр бір топтан 4 – 6 студент қатысты. Студенттер Қазақстанның әнұранын орындады. Ауызша журнал 3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Тарихи мәліметтер», екінші бөлім «Тіл – халықтың жаны», үшінші бөлім «Поэтикалық». Соңғы бөлімде студенттер әр түрлі тілдерде өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтты.
- 21 Sep
- 2018