20 қаңтарда Қостанай құрылыс колледжінің ОДБУ оқу бөлімінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында, колледж директоры Шамшин А.Ж., бөлім меңгерушісі Тастембекова Д.Б., колледж психологі Киньзябулатова Н.Е. және колледждің участкелік инспекторы Удрисов Б.А. өткен оқу семестрі, 2017 жылдың нәтижелері бойынша қорытынды жасады. Колледж психологы ата-аналарға арналған сауалнама өткізді. Ата-аналар тарапынан, оқу үрдісі, колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру жайлы бірқатар сұрақтар қойылды. Жиналыс соңында әр топ ата-аналары, колледж әкімшілігіне, бөлім меңгерушісіне, топ жетекшілерге жасалып жатқан жұмысқа, балаларға, оқытушылардың берген білімдеріне ризашылығын және алғысын білдірді.
Ал топ жетекшілер, яғни, Жакетова С.Б., Каршигина Д.А., Кыраубаева А.М. өз топтарының ата-аналарына, алтындай қымбат уақыттарын бөліп келгендері үшін алғыстарын білдіреді.