2017 жылғы 15 наурызда Қостанай құрылыс колледжіндегі  319 «Сәулет » мамандығының 1 курс оқушыларына   биология пәнінің оқытушысы  М.Т. Икласова  және қазақ  тілі  әдебиет пәнінің оқытушысы  А.К.Кенешова «Адам  генетикасының  зерттеу әдістері » атты  интеграциялық ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларды өз денсаулығына   құрметпен  қарауға, тұқым қуалау  арқылы берілетін ауруларға жол бермеуге ,туыс адамдар арасындағы некеге жол бермеуге тәрбиелеу, жеті ата шежіресінің адам генетикасымен байланыстылығын  түсіндіру болатын .Оқушылар  екі тілде  өздерінің қосымша мәліметтерін   дайындап, өз ойларымен бөлісіп  ат салысты. Жеті ата ұстанымының ең басты қағидасы – жеті атаға дейін қыз алыспау Бұл қағиданың сырын адамның тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін генетика ғылымының антропогенетика саласы ашып берді. Қазақ  халқының  дәстүрін қатаң сақтай отырып  оқушылар «Жеті атаға дейін  үйленбеу сыры» атты  қойылымнан көрініс көрсетті. Сонымен қатар сабағымыздың бекіту кезеңі  қазақтың ұлттық ойыны  асықпен  жалғастырылды .  Бір қуантатын жағдай оқушыларға сабақ өте ұнады. Олар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге  жазып білім ағашына ілді.