Қостанай құрылыс колледжінде 18 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өткізу ережесі негізінде «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» іс шаралар жоспарын іске асыру аясында ашық диктант өткізілді. Ашық диктанттың мақсаты мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын арттыру,қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту және мемлекеттік тілді білу арқылы этностық топтардың қоғамдық белсенділігін арттыру. Бұл диктантқа қатысушылардың саны – 70, олардың ішінде 64 студент және 6 оқытушы қатысты. Ашық диктанттың тақырыбы: «Мәңгілік Ел – патриоттық актісі». Ашық диктантқа қатысушылардың сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамы бекітілді. Комиссия құрамында ҚМПИ –ның аға оқытушы, магистрі Ерманова Сания Буленбаевна, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ–нің гуманитарлық ғылым жөніндегі магистрі Иргизбаева Құралай Байқуанышевна, ашық диктант жұмыстарын тексеріп бағалады. Ашық диктанттың нәтижесі бойынша үздік – 3, жақсы – 14, орташа – 33, қанағаттанарлықсыз – 20.
- 19 May
- 2016