Осы жылдың 16 наурызында қазақ тілі пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен оқу орнымызда өзге ұлт студенттерінің арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиада өткізілді.
Аталмыш сайыстың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту,әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды студенттерді анықтау және қолдау көрсету болып табылды.Олимпиадада студенттердің қазақ халқының тілі,әдебиеті,салт –дәстүрі,мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру,тұлғаның өзін-өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы екі кезеңнен тұрды.Студенттер «Тілші әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Жазушылар» бағыты бойынша бақ сынасты. Олимпиаданың Олимпиаданың төрайымы оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Султанова Ғалия Еркеновнаға сөз кезегі берілді.Ол студенттерге осы олимпиадада сәттілік пен шабыт тіледі.