Колледжде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті
2026 жылғы 24 қарашада колледж білім алушылары үшін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «ЖИТС – өлім тұзағы» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге «Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК профилактикалық жұмыс бөлімінің маманы Қадрон Серік Аузбайұлы қатысты. Ол студенттерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы түсіндірді. Іс-шара студенттердің денсаулық туралы білімін арттыруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
В колледже прошла встреча по профилактике ВИЧ-инфекции
24 ноября 2026 года для обучающихся колледжа состоялась профилактическая встреча на тему «СПИД — это капкан смерти», приуроченная ко Всемирному дню борьбы со СПИДом. Перед студентами выступил Қадрон Серік Аузбайұлы, специалист отдела профилактической работы КГП «Костанайский областной центр по профилактике и борьбе со СПИДом». Он рассказал о путях передачи ВИЧ-инфекции, мерах профилактики и важности ответственного отношения к своему здоровью. Встреча помогла студентам расширить знания о профилактике ВИЧ.