Қостанай құрылыс колледжінің студент қыздары Бес асықтан облыстық жарыста үшінші орын алды
17 қарашада Рудный қаласында Қостанай облысының колледждері арасында бес асықтан облыстық жарыс өтті. Оған Қостанай құрылыс колледжінің студенттері де қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша студент қыздарымыз үшінші орынға ие болды. Бес асық — ептілікті, мергендікті, зейінді және шапшаң шешім қабылдау қабілетін дамытатын қазақтың ұлттық ойыны. Мұндай жарыстар жастардың өз қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік беріп, ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықты арттырады және оларды келер ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Студент қыздарымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
Студентки колледжа заняли третье место в областных соревнованиях по Бес асық
17 ноября в городе Рудном прошли областные соревнования по Бес асық среди колледжей Костанайской области. В состязаниях приняли участие и студенты колледжа. По итогам соревнований наши студентки заняли третье место среди девушек. Бес асық — казахская национальная игра, которая развивает ловкость, меткость, внимание и умение быстро принимать решения. Такие соревнования дают молодёжи возможность проявить свои способности и помогают сохранять интерес к национальным традициям, передавая их новому поколению.
Поздравляем наших студенток с призовым местом! Желаем им уверенности, новых достижений и дальнейших побед!