2026 жылдың 30 сәуірінде колледжде 14-БҚЕ-3 тобының білім алушылардың арасында «Жаңа Конституция-Жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-білім алушылардың Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімдерін терендету,құқықтық сауаттылығын арттыру,сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды.Интеллектуалдық ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар Конституция баптары,азаматтардың құқықтары мен міндеттері,мемлекеттік құрылым туралы сұрақтарға жауап беріп,өз білімдерін көрсетті. .Сонымен қатар,логикалық және ситуациялық тапсырмалар орындау арқылы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Ойын барысында білім алушылар белсенділік танытып, өзара бәсекелестік пен ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Әр кезең қызықты әрі мазмұнды өтіп, қатысушылардың ойлау қабілеті мен жылдам шешім қабылдау дағдылары дамыды. Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, олардың құқықтық білімге деген қызығушылығы жоғары екені байқалды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын қалыптастырып, ел заңдарын құрметтеуге, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге ықпал етеді.Қорытындылай келе, «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» интеллектуалдық ойыны – білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталған маңызды тәрбиелік мәні бар шара болып табылады.


- 30 Apr
- 2026

