ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ – ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

2025 жылдың 20 қазан күні Қостанай құрылыс колледжінде жалпыұлттық акция аясында «Ұлттық диктант» өткізілді. Іс-шараға оқытушылар мен студенттер белсене қатысып, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін және тіл сауаттылықтарын сынады.
Шараның негізгі мақсаты – қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру.
Диктант барысында қатысушыларға қазақ тілінің орфографиялық және пунктуациялық нормаларына сай мәтін ұсынылды. Оқытушылар мен студенттер өз білімдерін саралап, сауатты жазу дағдыларын көрсетті.
Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары: А.М,Кушегалина мен Р.Ш.Шагатаева  іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетті.
– «Мұндай іс-шаралар жастардың тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың рухани дамуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына ықпал етеді», – дейді колледж оқытушылары.
Ұлттық диктант – тіл тазалығы мен сауаттылықтың ғана емес, ұлттың рухани бірлігінің де көрінісі. Осындай игі шаралар арқылы әрбір жас ана тілінің қадірін түсініп, оның абыройын асқақтатуға өз үлесін қосады