2025 жылдың 1 қазанында колледждің 20 ГҚЖЖҚП-1 тобында Қарттар күніне арналған кураторлық сағат Калдыбаева А.М ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге Халықаралық Қарттар күні туралы түсінік беру, қарттарға құрмет көрсету дәстүрін дәріптеу, жастардың бойына мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру болды.

Кураторлық сағат барысында студенттер Қарттар күні жайлы мәлімет алып, қарттарға құрмет көрсету жөнінде пікір алмасты. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген халық даналығын мысалға ала отырып, үлкенді сыйлаудың ұлттық дәстүрдегі орны талқыланды.

Студенттер шығармашылық тапсырмалар орындап, қарттарға арнап хат жазды, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, аталар мен әжелердің өнегелі өмірі туралы эсселер де ұсынылды. Шара барысында студенттердің орындауында әндер шырқалып, қарттарға жылы тілектер айтылды.

Кураторлық сағат жастардың бойында қарттарға деген сыйластық сезімін қалыптастырып, қамқорлық жасаудың адамгершілік парыз екенін ұғындырды.

Қорытындысында студенттер:
«Қарттарын ардақтаған елдің – қашан да қазынасы мол, болашағы жарқын!» деген ой түйді.