24 қыркүйек  2025 жылы Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында Абай Құнанбаевтың 180-жылдық мерей тойына арналған «Ұлылардың ұлысы -Абай» атты әдеби сазды кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің – қыр сырымен таныстыру. Студенттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Іс-шараға 419 топ «Сәулет»  бөлімінің бірінші курс студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Олар: Мартынюк Елизавета, Каратаева Виктория, Крыхтина Виктория, Бойко Полина, Анисимова Марина, Гажа Даниил,  Тогжанов Назар, Айткулов Нұрбек, Калинина Дарья, Касенгали Арузат, Хамит Ансар. Кеш барысында Абай әндері шырқалып, өлеңдері мен қара сөздері қазақ тілінде оқылды.

Абай  – әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін XXI ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз.

Іс-шараны өткізуге жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Кушегалина А. М.