5-қыркүйек 2025 ж. Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында «Ана тілім – арым бұл!» – атты 14 БҚЕ-3 тобында, топ жетекшісі Кушегалина Айгуль Манапқызымен кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттердің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау.

Куратордың сөзі: қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре  алатын іргелі ел бола алады. Ана тілі дегеніміз – ананың  ақ сүтімен бойға дарыған анамыздың тілі.

Студенттер: Айтқұлов Нұрбек, Какаляева Ажар, Хамит Аңсар, Амантай Шыңғысхан белгілі ақын, жазушылар  Қ. Мырзаәлі, М. Мақатаев,

Ә. Тәжібаевтың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.

Куратор студенттерге: өз ана тілің, мемлекетті, ұлтыңды қадірлеуді түсіндірді. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рол атқаратындығын әсте естен шығармауды  түсіндірді.