2025 жылдың 30 қаңтарында Қостанай қаласындағы “Мирас” мәдениет сарайында Қостанай облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласының колледждерінің арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс шараға Қостанай құрылыс колледжінен 10 ҒҚЖЖҚП-4, 373 МЭОСГ-4 топтарының студенттері қатысты. Шара барысында студенттер қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы кәсіби өсу мүмкіндіктері мен жұмысқа орналасу перспективаларымен танысты. Қатысушыларға осы саладағы әртүрлі мамандықтар мен мансап жолдары туралы маңызды ақпараттар беріліп, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс мүмкіндіктері көрсетілді. Бұл іс-шара жастардың болашақ кәсіби жолын таңдауға үлкен ықпал етіп, құқық қорғау органдарында қызмет етуге деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.