28 қаңтарда 2025ж. әлеуметтік педагог Хасенова А.М. ата-аналар үшін «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында әкенің бала өміріндегі маңызды рөлі, оның тәрбиелік ықпалы мен отбасындағы жағдайлары талқыланды. Әсіресе әкенің балаға деген сүйіспеншілігі мен қолдауы, білім беру процесіндегі қатысуы, сондай-ақ эмоционалдық және психологиялық қолдаудың маңызы туралы айтылды. Әңгімеге қатысушылар ата-аналық міндеттерін орындауда әкенің рөлін арттырудың маңызды екендігін атап өтті

.