2024 жылдың 18 қарашасында техникалық бөлімінің 11 БҚЕ-4,10 ГҚЖЖҚП-4, 373 МЭОСГ-4 сондай-ақ архитектура бөлімінің 369 Арх-4 бітірушілер тобының студенттері Қостанай облысы бойынша департаментінің шекара қызметінің әскери қызметшілері Т.К. және Құдарбекова А.К өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында курсанттарды оқыту ҚР 3 әскери арнайы оқу орындарында жүргізілетінін атап өтті.
ҰҚК Шекара академиясы (Алматы қ, оқу мерзімі 4 жыл) Бүгінгі таңда Шекара академиясында 498 курсант білім алуда,ағымдағы жылы 337 адамды оқуға қабылдау жоспарлануда.
ҰҚК Шекара академиясы оқуға түсу үшін кандидат жалпы орта білімнің кез келген екі пәнін таңдайтынын айтып өтті.ҚР ҚМ Құрлық әскерлерінің әскери институты және келесі әскери жоғары оқу орындарды бітіргеннен кейін, түлектер әскери мамандықтан бөлек,азаматтық мамандыққа ие болады олар: Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
ҚР Қорғаныс Министрлігінің ЖОО-на түсу үшін Бейіндік пән ретінде математика және физика өту деңгейі 50 балдан соның ішінде бейіндік пәннің біреуінен 7 ал қалған пәндер бойынша 5 балдан төмен емес. Сонымен қатар, РФ 19 әскери, арнайы оқу орындарында 214 курсант білім алып жатқанын ерекше атап өтті. Кездесу барысында үміткерлерге қойылатын талаптарға кеңінен тоқталып, студенттерге әскери қызметке қалай кірісуге болатынын түсіндірді. Студенттер ұсынылған мүмкіндіктерге қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу нәтижелі атмосферада өтті және пайдалы байланыстар орнатқан және оқу мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат алған түлектер үшін тамаша мүмкіндік болды.
Қостанай облысы бойынша департаментінің шекара қызметінің әскери қызметшілеріне жемісті ынтымақтастық пен студенттерімізге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз!